11.10.2024, 15:15
Оқылды: 16

Қазақстандық футболшылар Ұлттар лигасы матчында Австрия құрамасынан ұтылып қалды

Футболдан Қазақстан командасы Ұлттар лигасының үшінші туры матчында австриялық қарсыластарына есе жіберді, деп хабарлайды Olympic.kz.

IMG_8367

Сурет: Olympic.kz

Кездесу Линца (Австрия) қаласында өтті. Ойын алаңа қожайындарының пайдасына 4:0 есебімен аяқталды.

Матчта Кристоф Баумгартнер, Филипп Линхарт, Марсель Забитцер, Маттиас Зайдль сынды футболшылар гол соғып, көзге түсті.

Қазақстан командасының активінде әлі де бір ұпай бар және олар B Лигасының үшінші тобында төртінші орында тұр.

Ал жеті ұпаймен Норвегия алда тұр. Екінші орында Австрия (4 ұпай). Үшінші орынға 4 ұпаймен Словения жайғасты.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале