Қазақстан – Орталық Азияда туғаннан бастап кардиохирургиялық операциялар жүргізілетін жалғыз мемлекет. ҚР ДСМ Ана мен бала денсаулығын сақтау департаментінің директоры Мағрипа Ембергенова атап өткендей, 2024 жылдың басынан бастап қыркүйегіне дейін туа біткен жүрек ақауы бар балаларға ашық жүрекке 1 700 ота жасалды, оның 48%-ы 1 жасқа дейінгі балаларға жасалды.
Сурет: ОКҚ
«Жағдайы аса ауыр балалардың өмірін сақтау үшін Қазақстанда телемедициналық технологиялар мен медициналық авиация қолданылады. Жыл басынан бері санавиация шамамен 460 рет ұшты, оның ішінде, 290 жағдайда жаңа туған нәрестелерге барды. 1 350 балаға медициналық көмек көрсетілді. 498 бала тасымалданды, оның ішінде 291 бала Астана және Алматы қалаларына жеткізілді», - деді спикер ОКҚ алаңында өткен дөңгелек үстел барысында.