11.10.2024, 16:15
Оқылды: 47

Алматыда танымал қазақстандық мүсінші Шоқан Төлештің көрмесі ашылды

Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде қазақстандық белгілі мүсінші Шоқан Төлештің «АСПАН» атты жеке көрмесінің салтанатты ашылуы өтті. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

IMG_8366

Көрмеде заманауи мүсіншінің 90-нан аса мүсіндік, графикалық және кескіндемелік туындылары ұсынылған.

IMG_8364

Шоқан Төлештің мүсіндік туындылары күрделі пластикалық форманы білдіреді. Суретші Төлештің шығармашылығында ең бастысы — идея. Ол ойындағы идеясын жүзеге асыруда қола мен алюминийді дәнекерлеусіз әдіспен біріктіріп, ерекше мүсіндер жасайды.

IMG_8365

Көрме 2024 жылдың 3 қарашасына дейін жалғасады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале