11.10.2024, 17:15
Оқылды: 10

Жаңақалалық Қаламхас Карина тоғызқұмалақтан ардагерлер арасындағы чемпионатта жеңімпаз атанды

3-9 қазан күндері Орал қаласында тоғызқұмалақтан ардагерлер арасында елдің жекелей чемпионаты өткізілді.

b742152e-9392-4edb-922e-3460467403e5

Онда Астана, Алматы қалалары мен Ақтөбе, Атырау, Абай, БҚО, ШҚО, Жамбыл, Жетісу, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Түркістан облыстарынан барлығы 100-ден астам спортшы бақ сынады.

71ca8784-78b1-4e17-8f32-e0e86bce3d77

Жекелей сында 50 жастан жоғары әйелдер арасында жаңақалалық Қаламхас Карина жеңімпаз атанып, ҚР Спорт шебері нормативін орындады. 30 жылдан бері төл ойынымызды өзі ғана емес, жуалыойлықтарға ұлықтап келе жатқан жерлесіміздің жеке бапкері – тоғызқұмалақтан біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты жаттықтырушысы Қайрат Маратұлы.

Айзада Ақбасова

Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале