11.10.2024, 21:00
Оқылды: 9

Бөкейде бір күнде бірнеше нысан ашылды

Бөкей ордасы ауданы басшысы Нұрлыбек Даумов іссапармен Мұратсай, Бисен және Ұялы ауылдық округіне қарасты Кеңой елді мекеніне арнайы барып, Қазақстан Республикасы күніне орай жоспарланған бірқатар нысандардың ашылу салтанатына қатысты.

IMG-20241011-WA0052

Мысалыға, Мұратсай мен Бисенде жаңа шағын футбол алаңдары тұрғындардың пайдалануына берілсе, Кеңойда күрделі жөндеуден өткен медициналық пункт ашылды.

IMG-20241011-WA0084

Өз кезегінде аудан басшысы әр ауыл тұрғындарын құттықтап, ауданымыздың көркеюіне бар үлесін қосатынын айтса, тұрғындар атынан ауыл белсенділері өз алғысын жеткізді.

IMG-20241011-WA0061

Таратып айтсақ, Мұратсайдағы футбол алаңының құрылысына 13 888 000 теңге жұмсалған. Жауапты мердігер – "Grand Nova Development" ЖШС (директор Бейсебек Әли).

IMG-20241011-WA0063

Ал, Кеңойдағы медициналық пункт ғимаратын күрделі жөндеуге 39 508 960.44 теңге қарастырылған еді. Жұмысты жүзеге асырған – "Өркен-Сервис" ЖШС.

IMG-20241011-WA0051

IMG-20241011-WA0082

IMG-20241011-WA0067

Еркебұлан Рахметолла, 

Суретке түсірген Эльдар Сатқанов

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале