11.10.2024, 23:00
Оқылды: 7

Республикалық вокалистер конкурсының жүлдегерлері марапатталды 

Екі күнге созылған «Құрмет» орденінің иегері, ҚР еңбек сіңірген артисі Жұмағаным Рахимованың репертуарындағы әндерін орындаушылар арасындағы «Ақжайықтың ән сандуғашы» атты ІІ республикалық вокалистер конкурсының Гала-концерті өтті.

attachment (8)

Салтанатты жиында Батыс Қазақстан облысының әкімдігі мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы басшысының орынбасары Медхат Қамбетов құттықтау сөз сөйлеп, мерейтой иесіне шапан жауып, құрмет көрсетті.

attachment

Кеш барысында конкурстың жеңімпазы мен жүлдегерлері марапатталды.

attachment (6)

Бас жүлдені Алихан Бейсеков (Алматы қаласы), І орынды – Аружан Алпысбаева (Түркістан облысы), ІІ орынды — Бердәулет Тұрсынбаев (Алматы қаласы), Меңдігүл Калиулова (БҚО), ІІІ орынды — Ермек Қасым (СҚО), Айдос Оразов (Астана қаласы) иеленді.

«Жұмағаным Рахимова атындағы үздік орындаушы» арнайы жүлдесімен — Шыңғыс Нұрғалиұлы (Алматы қаласы) марапатталды.

attachment (3)

Жұмағаным Рахимованың өмірден өткен асыл жары, әнші-композитор Әшір Молдағайыновтың авторлық туындыларын «Үздік орындаушы» арнайы жүлдесі — Сеғватолла Ешқаевқа бұйырды.

Қалған қатысушыларға да алғысхат пен естелік сыйлықтар табысталды. Екі күн бойы әншілерді сүйемелдеген концертмейстерлердің де еңбегі ескеріліп, Алғыс хат пен естелік табысталды.

Қазылар алқасы құрамында болған құрметті меймандар — Азамат Жылтыркөзов, Марат Айтимовке шапан, Танагүл Бекназароваға мерейтой иесі Ж.Рахимова камзол кигізіп, құшақтарын гүлге толтырып, құрмет көрсетті.

attachment (1)

Салтанатты кеш жүлдегерлер мен қазылар алқасы өнер көрсеткен Гала-концертпен жалғасты.

Кеште «Құрмет» орденінің иегері Еркін Нұрымбетов жетекшілік ететін Дәулеткерей атындағы қазақ халық аспаптары оркестрінің сүйемелдеуімен «Құрмет» орденінің иегері, Қазақстанның халық артисі Қанатқали Қожақов пен Мұрат Әмірханов «Тасқала - жалын жас қала», «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Айбар Хайырханов «Кавантина Фиагро», Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Азамат Жылтыргөзөв «Parlarmid’amore» , «Айсұлу» операсынан Серкенің кавантинасы, Жұмағаным Рахимова «Қуанамын», «Бұлбұл» әндерін тамылжыта шырқаса, аталған мықтылардың сапында лауреаттар да өнер көрсетті.

attachment (9)

Кештің нүктесін «Атамекен» камералық хоры мен «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Айбар Хайырханов, Айбек Тұрарбеков, Алтынбек Оразов «Сәулетті Қазақстан» әнімен қойды.

Айжан Бауыржанқызы,

ҚР Журналистер одағының мүшесі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале