12.10.2024, 16:30
Оқылды: 106

Елімізде жыл басынан бері 14 жасқа толмаған 6 қыз жүкті болып қалған

Аналар денсаулығын сақтау басқармасының басшысы Шәкизат Халықова жасөспірім қыздар арасында 257 аборт тіркелгенін айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

IMG-20241012-WA0003Сурет: medicaldialogues.in

1651 жүктілік тіркелген

Бүгінгі таңда 270 мыңға жуық әйел жүктілік бойынша есепте тұр.

Жыл басынан бері 18 жасқа дейінгі жеткіншектер арасында 1 651 жүктілік және 257 аборт тіркелді.

Ай сайын 18 жасқа дейінгі жүктілік пен аборт саны қаралып отырады. Былтыр 2023 жылдың 9 айында жасөспірімдер арасында 2 288 жүктілік пен 385 аборт тіркелген еді. Ал биылғы 9 айда – 1651 жүктілік және 257 аборт болған, – деді Ш. Халықова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Статистика қалай жүргізіледі?

Сондай-ақ спикер 14 жасқа дейінгі және 15-17 жас аралығындағы жүктілік статистикасы бөлек жүргізілетінін атап өтті.

Өткен жылы 14 жасқа толмаған қыздар арасында 9 жүктілік жағдайы анықталды. Әрине, мұндай ерте жаста көп жағдайда зорлық-зомбылық салдарынан жүкті болған жағдайлар бар, бұл енді Әділет министрлігінің құзырындағы ақпарат. Біздің міндетіміз – жүктіліктің барлық кезеңінде медициналық көмек көрсету және бұл көмектер толыққанды көрсетілді. Биыл 14 жасқа толмаған 6 қыз бала көтерген, – деп толықтырды Ш. Халықова.

Еске салсақ, бұған дейін Қазақстанда 15 жастағы ұлдардың 35%-ы қорғалмаған жыныстық қатынасқа түсетінін жазған болатынбыз.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале