13.10.2024, 10:00
Оқылды: 115

Сырым ауданы әкімдігі Қонысбай Молдағалиевті зейнет жасымен құттықтады

Сырым ауданында ұзақ жылдар бойы мемлекеттік қызметте еңбек еткен Қонысбай Молдағалиев кеше зейнет жасына толды.

IMG-20241012-WA0349

Қонысбай Закарияұлы ауылшаруашылығы бөлімін басқарып, абыройлы қызмет атқарды, бүгінде Орал қаласында тұрады.

Аудан әкімінің орынбасары Қайрат Төлепов бастап, мерейгердің ізінен еріп келетін ауданның ауыл шаруашылық саласындағы азаматтар шаңырағына арнайы барып, құттықтады.

Қайрат Нұржанұлы Қонысбай Закарияұлын 63 жасымен құттықтап, ауданға сіңірген еңбегі үшін алғыс білдіріп, еңбек жолы кейінгі жас буын мемлекеттік қызметкерлерге үлгі-өнеге екенін айтты. Зейнеткерлік жас иесінің өңіріне ауылшаруашылығы қызметкерлері салалық кәсіподағының төсбелгісін тағып, алғысхатын табыс етті. Сырым аудан әкімі атынан алғыс хат тапсырып, иығына шапан жауып, құрмет көрсетті.

Шынар Молданиязова, 

Сырым ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале