Казталов ауданының тұрғындарына Жалпақтал ауылында орын алған екі бірдей қуанышты хабарды сүйіншілеп жеткізуге тура келіп тұр.
Жалпақтал спорт мектебінен түлеп ұшып, аудан даңқын әлемдік, азиялық жарыстарда қорғай білген қос бірдей спортшы қыздарымыз бірі Кипр елінде өтіп жатқан кадеттер арасындағы Әлем чемпионатында жүлделі ІІІ орын алса, екіншісі дәл сол күні Ақтау қаласында дзюдо күресінен ерлер мен әйелдер арасында өтіп жатқан ашық Азия Кубогінде ІІІ орын алып, елімізге қос қола медаль сыйлады.
Ақтаудағы Азия Кубогі жарысында шебер өнер көрсеткен Жалпақтал спорт мектебінің түлегі Айшабибі Мұрадымова 52 келі салмақ дәрежесінде күресіп ІІІ орын иеленді. Ауданымыздың даңқын айтулы ірі жарыстарда биікке көтере білген қос спортшы қыздарымыз Ельнара мен Айшабибіге жерлестері дән риза. Олар спортшы қыздарымыздың биік тұғырдан көрінуіне үлес қосқан Жалпақтал спорт мектебі мен алғашқы бапкері Ғадылбек Сатыбалдиевке зор алғыстарын білдіреді.
Қыдыр Харесұлы,
Казталов ауданы