14.10.2024, 9:15
Оқылды: 56

Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығы Ресейден табылған тарихи құжаттың көшірмесін жарыққа шығарды

Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығы «Архив-2025» бағдарламасы аясында Ресей Ұлттық кітапханасынан табылған құнды қолжазбаның көшірмесін жарыққа шығарды. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

IMG_8455

Суреттер: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Ұлттық орталық мамандары 2022 жылы Мәскеуге жасаған ғылыми-зерттеу сапары кезінде Қазақстан тарихына қатысты деректері бар XVII ғасырдың парсы тіліндегі «Тарих» қолжазбасын зерттеді.

IMG_8456

Кітап Мұхаммед Хайдар Дулатидің «Тарих-и Рашиди» кітабының жалғасы ретінде ұсынылған және Қазақ хандығының тарихын зерттеуде үлкен маңызға ие. Кітапта Қазақ хандығы, қазақтардың Шығыс Түркістандағы моғол билеушілерімен қарым-қатынасы туралы қызықты мәліметтер берілген.

IMG_8454

Шах Махмуд ибн Мирза Фазыл Чурас (шамамен 1694 жылы қайтыс болған) — Моғолстан тарихы бойынша бірнеше еңбектің авторы. Ол өз шығармаларын 30 жыл жазып, шежіре білгірі ретінде танылған.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале