Қытайдың Тайань қаласында өтіп жатқан құзға өрмелеуден Азия чемпионатында екі отандасымыз күміс жүлдеге қол жеткізді, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Сурет: Спортты дамыту дирекциясы
Жылдамдық бағдарламасында ерлер арасында Әмір Маймұратов финалда қытайлық Пенг Вумен жарыста фальстарт жасап, 2-орынға тұрақтады. Қола жүлдеге таласта тағы бір отандасымыз Ришат Хайбуллин әлем чемпионы, 2 дүркін Азия ойындарының жеңімпазы ирандық Реза Алипудан қалып кетті.
Ал әйелдер арасында Тамара Олжабаева ақтық сынға шығып, қарсыласына сәл есе жіберді.