15.10.2024, 10:00
Оқылды: 49

Соңғы екі жылда тәрбиешілер тапшылығы екі есе азайды

IMG_8591

Сурет: ОКҚ

«Екі жыл бұрын педагогтер тапшылығы 13 мың адамды құраса, бүгінгі күні статистикалық деректерге сәйкес 7 мың адамды құрайды, яғни тапшылықтың төмендегенін көріп отырмыз», - деді ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Мектепке дейінгі білім беру департаментінің директоры Манар Адамова ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.     

Тапшылықтың төмендеуіне жалақының өсуі ықпал етті. 2020 жылдан бастап жыл сайын мұғалімдердің жалақысы 25%-ға көтеріліп, төрт жыл ішінде 100%-ға артты. Сонымен қатар, 2023 жылдың қыркүйегінен бастап мектепке дейінгі ұйымдар педагогтерінің жалақысы тағы 30%-ға ұлғайды.

Тәрбиешілердің жетіспеушілігі негізінен Астана, Алматы, Қарағанды, Атырау, Қызылорда облыстарында байқалады.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале