15.10.2024, 15:00
Оқылды: 49

Олжас Бектенов өсу әлеуеті жоғары шағын және орта кәсіпорындарды қолжетімді қаражатпен қамтуды тапсырды

Үкімет отырысында Премьер-Министр әкімдер мен министрлер белсенді жұмыс жүргізгенде кейбір салалар мен өңірлердегі экономикалық көрсеткіштер әлдеқайда жоғары болуы мүмкін екенін баса айтты. Олжас Бектенов өңдеу өнеркәсібіндегі үлкен резервтерді атап өтіп, кәсіпкерлерді қолдауды күшейтуді тапсырды.

жп акша Әлішер Уалитханов (2)

«Отандық тауар өндірушілерді қолдау тұрақты негізде жүзеге асырылуда. Негізгі қорларды жаңартуға, номенклатураны ұлғайтуға және өнімнің қосылған құнын арттыруға бағытталған кәсіпкерлік бастамаларды қолдау шараларын күшейту қажет. Бірінші кезекте, өсу әлеуеті жоғары шағын және орта кәсіпорындарды қолжетімді қаражатпен қамту мәселесіне көңіл бөлу керек», — деп атап өтті Үкімет басшысы.

Жергілікті атқарушы органдарға жергілікті қамту жөніндегі комиссиялардың жұмысын күшейту тапсырылды. Өнеркәсіп, Қаржы, Ұлттық экономика министрліктері «Атамекен» палатасымен бірлесіп,  отандық тауарларды қолданудың тиімді мониторингін қамтамасыз етуі қажет.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале