15.10.2024, 17:45
Оқылды: 84

Жылыту кезеңі басталғалы тұрғын үй секторында 100-ден астам өрт тіркелді

Жыл сайын елімізде 10 мыңнан астам өрт шығып, 300 астам адам қаза табады. Өрттер көп жағдайда тұрғын үй секторында орын алады. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында ҚР ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитеті төрағасының орынбасары Қанат Доспаев хабарлады.

IMG_8646

Сурет: ОКҚ

Оның мәліметінше, 1 қазанда жылыту кезеңі басталды, алайда тұрғын үй секторында 100 астам өрт тіркеліп, 17 адам қаза тапты, 13 адам жарақат алды.

«Жыл басынан бері 8 мың өрт тіркеліп, 213 адам қаза болса, 213 адам жарақат алды», - деді спикер.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале