15.10.2024, 15:45
Оқылды: 48

Жаңақалалық өрендер балалар арасындағы лигадан жүлдемен оралды

Орал қаласында «Auyl sport – 2024» өңірлік ауыл балалары арасында лига өтті. Жарыстың мақсаты – ауыл спортын дамытып, спортқа құмар ауыл балаларына қолдау көрсету.

PHOTO-2024-10-15-10-44-34

Еркін күрес, бокс, каратэ, шахмат, волейбол және басетбол секілді алты спорт түрінен өткен турнирде Жаңақала ауданы жеткіншектері волейболдан сынға түсті.

Бақ сынаған тоғыз аудан арасынан Мерхан Демеуов пен Армат Маратов, Ерлан Халықов жаттықтырған қыздар құрамасы финалға өтіп, ІІ орынды еншіледі.

Осы орайда облыстық, республикалық, халықаралық деңгейдегі спорттық сайыстарда сан мәрте топ жарып, аудан мәртебесін көтеріп жүрген аудандық «Jastar» спорт клубының еңбегін айта кету керек.

Айзада Ақбасова

Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале