16.10.2024, 10:00
Оқылды: 28

Сырымда жас суретшілер байқауы өтті

Сырым аудандық «Балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығында» Қазақстан Республикасының Жас суретшілер бірлестігінің мүшесі, Батыс Қазақстан облысы, Сырым ауданының тумасы, дарынды суретші Мұратбек Жоламановты еске алуға арналған «Арманы асқақ арғымақ» атты аудандық сурет байқауы өтті.

FB_IMG_1729021509583

Аталған байқаудың ашылу салтанатына Мұратбек Жоламановтың қарындасы Самал Батырова, мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Ерлан Сәрсенов, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Кенжегүл Исатаева, Сырым аудандық білім беру бөлімінің басшысының Нұрбол Темірбеков қатысты.

FB_IMG_1729021527980

Жарыстың алғы сөзін жерлес суретшіміз Мұратбек Жоламановтың ағасы Жалғас Жоламанов, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Тимур Кубаев сөйледі.

FB_IMG_1729021531819

«Арманы асқақ арғымақ» атты байқауда бағын сынап, Мұратбектей таланттың жолын қуған шығармашыл балалардың өнеріне Сырым аудандық білім беру бөлімінің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Берік Жанболсынов, «Балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығы» директорының міндетін атқарушы Нұрбол Жәңгірханов, сурет үйірмесінің жетекшісі Асылбек Сержан әділқазылық етті.

FB_IMG_1729021522583

Қылқалам шеберлері арасында Нұршаттық Мұстафа 1 орын, Айзада Самархан 2 орын, Айару Еламанова 3 орынға ие болды.

Қоңдыкер Елеуов

Сырым ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале