16.10.2024, 11:30
Оқылды: 47

Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау мен дамыту жөніндегі кешенді бағдарлама қабылданды

Премьер-Министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров еліміздегі бизнес-ахуалды жақсарту бойынша Үкіметтің жүргізіп жатқан жүйелі жұмысы туралы журналистерді хабардар етті. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметң хабарлады.

IMG_8696

Сурет: Үкімет

Бизнес жүргізу мәселелері бойынша Заң қабылданды, оның шеңберінде заңға бағынатын кәсіпкерлерге әкімшілік қысым төмендетілді және тексерулер саны қысқартылды. «Бизнестің жол картасы» және «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламаларын біріктірген Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау және дамыту жөніндегі кешенді бағдарлама жұмыс істейді.

«Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау мен дамыту жөніндегі кешенді бағдарлама қабылданды, оның шеңберінде өңдеу өнеркәсібіне баса назар аудара отырып, барынша тиімді жобаларға қолдау көрсетіледі. Субсидиялау шарттары оңтайландырылды, ЕДБ және отандық қор нарығы арқылы тартылған кепілдендіру, синдикатталған қаржыландыру және облигациялық қарыздар сияқты құралдар бойынша мүмкіндіктер кеңейтілді. Жаңартылған бағдарламаның 9 ай ішінде субсидиялар мен кепілдіктер түріндегі қолдау шараларымен 18 мыңға жуық жоба қамтылды», — деп атап өтті Нұрлан Байбазаров.

Сондай-ақ вице-премьер «Ауыл – ел бесігі» және моноқалаларды дамыту бағдарламалары шеңберінде жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы хабарлады. Бүгінгі таңда 500-ден астам ауылдық елді мекендерде 1,4 мыңға жуық инфрақұрылымдық жоба, 18 қалада 30 жоба іске асырылуда. 

«Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша 2024 жылы 30 млрд теңге қарастырылған. Бұл қаражатқа жас мамандарға 3,6 мың жеңілдігі бар қарыз беру жоспарлануда.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале