16.10.2024, 16:00
Оқылды: 229

Жәнібекте келер жылғы су тасқыны кезеңіне дайындық жүріп жатыр

Әмбеге аян, биыл көктемде бірнеше өңір су тасқынымен әуре болды. Батыс Қазақстан облысын да табиғи апат айналып өтпеді.
image-15-10-24-10-15-1
Сол себепті келер жылдың көктемінде табиғи апатты болдырмау үшін Жәнібек ауданының әкімдігі білек сыбана кірісті. Ол үшін алдымен көктемгі су тасқынын алдын алу бағытында аудан бойынша инженерлік жұмыс жоспары жасақталды.
Өзен ЖП Жәнібек ауданы
Инженерлік жұмыстың жоспарына сай Талов ауылындағы бөгеті нығайту жұмысы жүргізілсе, Борсы ауылында сайды тереңдету жұмысы жасалды. Ал Тау ауылында бір жасанды тоған қазылды.
Сонымен қатар Қамысты ауылындағы қосалқы электр станциясын дамбамен көтеру, сонымен қатар ауылға келетін су жолын дамбы көтеру арқылы бөгеу жұмысы атқарылып жатыр.
image-15-10-24-10-15
Аудан әкімінің орынбасары Жақсылық Абдоловтың сөзіне сүйенсек, жұмыс нәтижесі тұрғындардың көктемгі су тасқынын қауіпсіз өткізу мақсатын көздейді. Барлық жұмыс аудандық бюджет қаражатынан жүргізіліп жатыр.
Гүлзара Мәди
Жәнібек ауданы
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале