Бұл бастаманы ҚР ЦДИАӨМ пысықтап жатыр.
Сурет: ОКҚ
«Біз электрондық үкімет порталы арқылы азаматтың өзінің дербес деректерін өңдеуге берген келісімін қайтарып алу мүмкіндігі функциясын іске қоспақпыз. Бұдан басқа, азаматтың қалауы бойынша оның дербес деректері толығымен жойылуға тиіс - қолжетімділікті тоқтатып қана қоймай, дерекқордан толығымен жойылуы керек деген жеке түйме болады», - деді Ақпараттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Руслан Абдикаликов ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.