17.10.2024, 10:15
Оқылды: 164

Жеке басында әр түрлі банктен 5 бірдей картасы бар адамның ақша аударымдары мен төлемдері тексеріледі

Жеке басында әр түрлі банктен 5 бірдей  картасы бар адамның ақша аударымдары мен төлемдері тексеріледі. Бұл туралы Ұлттық арна хабарлады.

IMG_8842

Сурет: freepik.com

Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі «Ашық» порталында жариялаған құжатта жазылған.  Ақша аударымдарына да шектеу қойылмақ. Яғни, енді айына тек 3 рет 100 000 мың теңгеге дейін төлем жасауға болады. 

Ал бірнеше банк картасын пайдаланатын азаматтан қандай да бір күдікті төлем анықталса, қаражаттың қайдан түскені жан-жақты тексеріледі.

Бұл есірткі саудасы мен өзге де заңсыз ақша айналымының алдын алу үшін қабылданған шара.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале