Батыс Қазақстан облысы Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде Теректі ауданының әкімі Әлия Мұханбетжанова ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы төңірегіндегі соңғы жаңалықтармен бөлісіп жатыр.
Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі тұрғыдан алға басуына демографиялық ахуалдың да айтарлықтай рөлі бар. Сөз тізгінін алған аудан басшысы Әлия Биғазықызы:
– Аудан бойынша демографиялық көрсеткіш бірқалыпты. Халық саны – 38 910 адам. Жыл басынан бері 312 сәби дүниеге келіп, халықтың көші-қоны бойынша ауданға көшіп келген тұрғындарының саны 1 048 адамды құрады. Экономикалық белсенді тұрғындардың саны 20 534 адам немесе жалпы аудан тұрғындарының 53 %-ы, - деді өз сөзінде.
Сондай-ақ биыл өңірімізде «Қаладан – ауылға» жобасы іске асырылып жатыр. Жобаның басты мақсаты – азаматтардың ауылға келуін ынталандыру, халықтың көші-қоннын азайту, ауылдық жерде жұмыс тапшылығын жою, жас отбасылардың әлеуметтік мәселелерін шешуге жан-жақты қолдау көрсету. Жоба аясында ауданға 5 отбасы көшіп келген. Барлық отбасы тұрғын үймен, жұмыспен және мемлекеттік қолдау шараларымен қамтылған.
Әлия Мұханбетжанованың мәліметіне сүйенсек, осы бағыттағы жұмыс жалғасып жатыр.
Ақтілек Әлібекұлы
Теректі ауданы