17.10.2024, 12:00
Оқылды: 172

БҚО әкімі Жәнібек ауданына барды

Былтыр Жәнібек ауданында «Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша 53 несие алушының құжаты мақұлданды. Оларға 230 миллион теңгеден астам қаражат берілген. Осы күні бағдарлама аясында жұмыс жасап жатқан 53 жеке кәсіпкердің 13-і ісін 2023 жылға дейінгі ашқан болса, 40-ы ісін былтыр бастады.

1ff46560-ac5c-407a-9f93-6260328affa0

– Бағдарламаның несие келісімшартына сәйкес қаржы алған кәсіп иесі кемінде 1 адамды жұмыспен қамту қажет болды. Осыған байланысты 2023 жылы ашылған 40 жеке кәсіпкердің 26-ы жаңа жұмыс орнын ашты. Халықты жұмыспен қамту ісі жалғаса береді, - дейді Жәнібек аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің маманы Батырхан Өтеғалиев.

Қазіргі таңда «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында ісін бастаған 53 кәсіпкердің 38-і бюджетке 10 миллион теңгеден астам әлеуметтік және салық төлемдерін аударған. Ол мәліметті аудандық кірістер басқармасы берді. Жоғарыда аталған жоба арқылы берілген қаржының көп бөлігі ауыл шаруашылығы, соның ішінде мал шаруашылығын дамытуға бағытталған. Одан бөлек жартылай фабрикаттар, жиһаз цехы, брусчаика дайындау және көлікке қызмет көрсету орнын ашуға жұмсалған.

be36502c-bc8c-48a5-8c28-d8aa7cf0b9ed

Жәнібек ауданына іс-сапармен барған облыс әкімі Нариман Төреғалиев жоба арқылы кәсіп ашқан жәнібектік ағайын шығарған өнім көрмесін тамашалады. Әр кәсіп иесімен жеке сөйлескен Нариман Төреғалиұлы бағдарламаның тиімділігі туралы айтып, іс бастаған азамат-азаматшалардың ой-пікірін білді. Сонымен қатар алынған өнімді облыс орталығы мен аудан ауылдарына өткізудің жолын талқылады.

Айта кетейік. өзінің өміршеңдігін көрсеткен «Ауыл аманаты» бағдарламасы биыл да жалғасып жатыр. Аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің маманы Батырхан Өтеғалиевтің айтуынша, биыл аталған бағдарламаға қатысуға 70 жәнібектік ниет білдірген. Қазіргі таңда оның 48-і бағалаудан өтіп, оң қорытындысын алған.

a1e437cd-36c1-4ba0-a262-f2ee1d40959c

– Биыл қаражат алуға ниет білдіргендер өсімдік шаруашылығы, қой, құс асырауды, бордақылау ісі секілді кісіп бастамақшы, - деді Батырхан Өтеғалиев. Кәсіпкерлер ұсынған көрмені тамашалап болған соң өңір басшысына алдағы уақытта ауданда салынатын жаңа құрылыс нысандарының макеттері таныстырылды.

Түгелбай Бисен

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале