Бүгін Жаңақала аудандық «Жастар» спорт клубында 19 қазан – Құтқарушылар күніне орай және мемлекеттік өртке қарсы қызметтің құрметті ардагері Жұматбек Сарсеновты еске алуға арналған шағын футболдан аудандық жарыс өтті.
Мемлекеттік Гимн орындалғаннан кейін, алғашқы сөз аудан әкімінің орынбасары Руслан Қонысбайұлына беріліп, ол барша қатысушы командаларға сәттілік тілеп, жеңістің тұғырынан көрінуіне ниет білдірді.
Әрі қарай ортадан табылған барша қонақтар таныстырылып, өртке қарсы қызмет подполковнигі Жұматбек Сарсенұлын еске алуға 1 минут үнсіздік жарияланды.
Ашылу салтанатына аудандық мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің басшысы Ақнұрлы Нұрғалиқызы, №16 өрт сөндіру бекетінің бастығы, азаматтық қорғау капитаны Еркебұлан Аманғалиұлы, аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы Мейірім Аманжолұлы, «Жастар» спорт клубының директоры Жанболат Гумаров және өртке қарсы қызмет саласының ардагерлері қатысты.
Аудан өнерпазы Қуанышбек Айдарбектің орындауындағы «Қазақстан – Ұлы Отаным-ай» әні шырқалғаннан кейін, жиналған 12 команда жеребе суыру арқылы, реттік нөмерін алып, дайындықты бастады. Алдағы уақытта ойын барысын тамашалайтын боламыз.
Ақерке Ғилымхан
Жаңақала ауданы