17.10.2024, 20:00
Оқылды: 57

Ресей Қазақстаннан бидай, қызанақ және бұрыш импорттауға тыйым салды

Ветеринариялық және фитосанитариялық қадағалау жөніндегі федералды қызмет (Россельхознадзор) Қазақстаннан карантиндік өнімдерді әкелуге уақытша тыйым салды, деп хабарлайды Zakon.kz.

теплица бектенов жп (2)

Россельхознадзордың тиісті шешімі бүгіннен бастап күшіне енді.

"2024 жылғы 17 қазаннан бастап Қазақстан Республикасынан Ресей Федерациясының аумағына әкелуге уақытша шектеулер енгізілсін", – делінген құжатта.

Ресей Федерациясына ҚР-дан әкелуге уақытша тыйым салынатын өнімдер:

  • бидай, жасымық, зығыр тұқымы, астық транзитін қоспағанда, қазақстандық тарап фитосанитариялық сертификаттарды тікелей түпкілікті мақсаттағы елге ресімдеген және т/ж вагондардан шыққан астықты бірден кеменің трюмдеріне ауыстырып тиеген жағдайда;
  • қызанақ;
  • бұрыш;
  • себуге арналған күнбағыс тұқымдары;
  • жаңа піскен қауындар.
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале