18.10.2024, 12:45
Оқылды: 19

Қаратөбеде вокалды аспаптар ансамбльдері арасында облыстық байқау өтті

Қаратөбеде Ғ.Құрманғалиев атындағы аудандық мәдени-демалыс орталығының 40 жылдығы аясында және ҚР Халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, әнші-композитор Е.Хасанғалиевті еске алуға арналған вокалды аспаптар ансамбльдері арасында «Сазды әуен мен сырлы үн» атты облыстық байқауы өтті. Бұл туралы БҚО мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

c357833c-ac90-4081-8caa-f1e7fd1f41b8

Өнер байқауының ашылу салтанатында Қаратөбе ауданының әкімі Қадыржан Сүйеуғалиев пен БҚО мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы басшысының орынбасары Медхат Қамбетов құттықтау сөз сөйлеп, байқауға қатысушы өнерпаздарға сәттілік тіледі.

Онда сегіз ауданның вокалды аспапты ансамбльдері өзара бақ сынады.

6347dc97-3769-46e8-8c0c-4e20de84ba1d

Қорытындысында бас жүлдені Бөрлі ауданынан келген «Фортуна» ВАА жеңіп алды. Шебер орындау мәнерімен көзге түскен шыңғырлаулық «Арай» ВАА байқаудың І орынын иемденсе, ІІ орынды Тасқала ауданынан келген «Тасқала» ВАА, ІІІ орынды Бәйтерек ауданынан келген «Ғасыр band» ВАА иеленді. Ал Ескендір Хасанғалиевтің арнайы жүлдесімен теректілік «Теректі» ВАА марапатталды.

ff628afa-0da4-4a68-a75c-c0212e658d0e

Өнер додасында «Үздік әнші» аталымымен тасқалалық Тимур Тапалов, «Үздік соло гитара» аталымымен теректілік Рустам Бекболатов, «Үздік дауылпаз» аталымымен ақжайықтық Руслан Жұмабайұлы, «Үздік бас гитара» аталымымен Бәйтерек ауданынан келген Мәлік Мусакулов, «Үздік ритм гитара» аталымымен Алтай Қожаев, «Үздік күйсандық» аталымымен Ермек Жардемовтар марапатталды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале