18.10.2024, 19:00
Оқылды: 217

Теректіде мәдениет саласының ардагерлеріне құрмет көрсетілді

Жол көрсетсе, «осыларға болсын» деп, «біз көрмегенді көрсін» деп, аңқылдап, ақылын айтқан үлкендердің бағасын жете түсіну қанымызға сіңген әдет. Осы ғұрыпты сақтап қалу, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу үшін тырысқан жөн.

462919844_2730494997132377_5914516595670129149_n

Осы орайда бүгін Теректі аудандық мәдени-демалыс орталығының ұжымы мәдениет саласының ардагерлеріне құрмет көрсетті. Ақ дастархан жайып, ерекше ықыласпен қарсы алды.

Қайырымдылық айлығы аясындағы жүздесуде мәдени-демалыс орталығының директоры Арман Сағидоллин сөз алып, ардагерлерге ақжарма лебізін айтты.

463380853_2730494963799047_5594763712716377682_n

– Сіздердің еселі еңбектеріңіз, сара жолдарыңыз әрдайым есте. Ақ жаулықты әжелер ансамблі кез келген іс-шарадан табылып, жастарға үлгі көрсетіп келеді. Ұрпақтар сабақтастығы жойылмауы тиіс. Осы тұрғыда сіздермен бірлесе жұмыс істеуге әзірміз. Дендеріңізге саулық, бастарыңызға амандық тілейміз, - деді Арман Рахметоллаұлы өз сөзінде.

463120496_2730495587132318_7214565411481052443_n

Ақ тілектер төгілген басқосуды әдістемелік бөлім меңгерушісі Айгүл Бекежанқызы тізгіндесе, Кәмшат Қадырғалиева «Ризамын» әнін шырқап, Оралхан Өтеғалиев қазақтың қара домбырасын күмбірлетті. Татьяна Хмарская бүгінгі таңда өтіп жатқан іс-шаралардың жоғары деңгейде екенін айтса, Макка Семғалиева да бұл пікірге қосылды.

462752703_2730495043799039_726332705776442609_n

Сала ардагерлері бірінен соң бірі тілектерін жаудырды. Ел есіндегі әндерді шырқап, жүздесудің әсерін сезіне алды.

463480070_2730494913799052_1584281221726825650_n

Көрсетілген құрметке дән риза болып тарқасқан мәдениетке маңдай тері тамғандардың ақ батасы жас қауымды шабыттандырары анық.

Ақтілек Әлібекұлы

Теректі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале