21.10.2024, 15:15
Оқылды: 49

Казталовтық оқушылар Ұлттық мектеп лигасының облыстық кезеңінде І орын иеленді

14-16 қазан күндері Орал қаласында Ұлттық мектеп лигасынның «бес асық» спорт түрінен облыстық кезең өтті.

Асық ЖП

Сурет сайт архивінен / zhaikpress.kz

Жарысқа Казталов мектеп-лицейінің 5-6 сынып оқушылары қатысып, бақ сынады. Қорытындысында мектеп-лицейдің құрама командасы жүлделі І орынға ие болып, республикалық жарысқа жолдама алды.

Айта кетейік, жеңімпаз оқушылар сапынан көрінгендер қатарында Айлана Әділбек, Айару Серғали, Асылназ Едіге бар. Олардың білікті жетекшісі – Жоламан Тасболатов.

Қыдыр Харесұлы

Казталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале