21.10.2024, 16:15
Оқылды: 50

Оралда тәлімгерлер кеңесінің отырысы өтті – Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің БҚО бойынша департаменті

Оралда Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің жанындағы тәлімгерлер кеңесінің отырысы өтті.

WhatsApp Image 2024-10-16 at 17.53.03 (1) (1)

Оған мемлекеттік қызметке алғаш реет қабылданған жас мемлекеттік қызметшілер қатысты. Іс-шараның мақсаты – жаңа кадрларды қолдау, олардың кәсіби дағдыларын дамыту және мемлекеттік қызметке бейімделуіне ықпал ету саналады.

Отырыста департамент басшысы Мұрат Байсалов мемлекеттік органдардағы қызметкерлер арасындағы тәлімгерліктің және өзара көмектің маңыздылығын атап өтті. Ол тәлімгерлердің қолдауы жас мамандарға өз міндеттерін жылдам игеруге және мемлекеттік құрылымдардағы жұмысқа сәтті кірісуге көмектесетінін атады.

«Тәлімгерлік – жас мемлекеттік қызметшілердің кәсіби тұрғыда дамуына және көшбасшылық қасиеттерін арттыруына ықпал ететін маңызды құрал. Біз сіздердің белсенділігіңізге, шығармашылығыңызға және дамуға деген ұмтылысыңызға сенім артамыз, ал тәлімгерлер осы жолда сіздерге көмектесетін болады» - деді Мұрат Байсалов.

Отырыс барысында тәлімгерлер өз тәжірибелерімен бөлісіп, мемлекеттік қызмет жүйесіндегі тиімді жұмыс істеудің негізгі қағидалары мен этикалық нормаларды сақтаудың маңыздылығы туралы айтты.

«Жас мемлекеттік қызметшілерге қызметтік міндеттерді орындауда уақытты тиімді ұйымдастыру, әріптестер мен өзара іс-қимыл жасау және қызметтік тапсырмаларды орындаудағы тиімділікті арттыру бойынша практикалық кеңестер берілді. Сонымен қатар қатысушылар кәсіби өсу, оқыту мүмкіндіктері және мемлекеттік қызметте одан әрі даму мәселелерін талқылады. Тәлімгерлер мемлекеттік құрылымдардағы мансаптық табыс тек кәсіби білімге ғана емес, сонымен қатар, жауапкершілік, коммуникативтілік және өзін-өзі дамытуға ұмтылу сияқты жеке қасиеттерге де байланысты екенін атап өтті», - деп хабарлады департамент.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале