21.10.2024, 16:45
Оқылды: 91

Мемлекет басшысы Чехияның Сыртқы істер министрі Ян Липавскийді қабылдады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев сыртқы саясат ведомствосының басшысына ілтипат білдіре отырып, Қазақстан мен Чехия арасында достық пен өзара құрметке құрылған көпжылдық әрі нәтижелі ынтымақтастық қалыптасқанын атап өтті. Бұл туралы Ақорда жазды.

IMG_9295

Сурет: Ақорда

Мемлекет басшысы министрдің сапары екі ел арасындағы көпжақты қарым-қатынастың нығаюына тың серпін беретініне сенім білдірді.

Оның айтуынша, Қазақстан Еуропа Одағындағы маңызды серіктестерінің бірі саналатын Чехиямен тығыз ықпалдастық жасауға бейіл.

Президент екі елдің сауда және инвестициялық байланыстарын одан әрі дамытуға мол мүмкіндік бар екеніне назар аударып, еліміздің чех инвесторларына алдағы уақытта да қолдау білдіруге дайын екенін айтты.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале