Республика күні қарсаңында «AMANAT» партиясы БҚОФ «Жастар Рухының» жүзден астам белсендісі «Менің Елім – Менің Туым» акциясын бастады. Олар ел бойынша 100-ден астам ту ілмек. Дәстүрлі акция осымен үшінші жыл қатарынан өтіп жатыр. Мемлекеттік туды насихаттауға бағытталған іс-шараға барлық батысқазақстандықтар қатыса алады.
- Республика күні қарсаңында ұлттық бірлікті, мемлекеттік рәміздерге деген құрметті арттыру мақсатында ұйымдастырылып келеді. Бұл кешенді шаралардың барлығы атаулы датаны кеңінен насихаттауға және де жастар мен халық арасында рухты көтеруге бағытталған, - дейді «Жастар рухы» БҚОФ төраға орынбасары Ерлік Шамғали.
Аталған іс-шараға Батыс Қазақстан облысының қала тұрғындары да белсенді ат салысуда, айта кететін болсақ Ақан Сері 47/1 тұрғындары көк туымызды терезелеріне қаз-қатар ілген болса, Самбодан әлем чемпионы Нұрбол Серіков, жас ақын Дәурен Шамұратов сонымен қатар бокс федерациясының БҚО вице-президенті Аңсар Ибраев, жас жайдарманшылар мен белсенді жастар аталмыш акцияны қолдап жатыр.
"AMANAT" партиясы БҚОФ баспасөз қызметі