22.10.2024, 16:00
Оқылды: 95

«Биыл елімізде психологиялық қолдау орталықтары 40 000-ға жуық адамға көмек көрсетті» – министрлік

Психологиялық қолдау орталықтары биылғы жылы 40 000-ға жуық оқушы мен олардың отбасыларына көмек көрсетті. Олардың 20 414-і – кәмелетке толмағандар, ал 19 467-сі – ата-аналар. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Cropped shot of unrecognizable women holding hands at home

Сурет: istockphoto.com

Айта кетейік, орталықтар Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша еліміздің 20 өңірінде ашылған болатын.

Олар балалар мен олардың отбасыларының әл-ауқатын нығайтуға бағытталған психологиялық, медициналық, құқықтық және әлеуметтік көмек көрсетеді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале