Сәрсенбі 23 қазан күні, сағат 08:30-де Үкімет үйінде Үкімет отырысы өтеді.
Сурет: Үкімет
Күн тәртібінде – егін жинау науқанының қорытындысы.
Үкімет отырысының тікелей таратылымы PrimeMinister.kz сайтынан, YouTube ресми арнасында, Facebook әлеуметтік желісінде, сондай-ақ UKIMET Telegram-каналында жүреді.
Үкімет отырысының қорытындысы бойынша Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин, Экология және табиғи ресурстар, Сауда және интеграция, Ауыл шаруашылығы министрліктері өкілдерінің қатысуымен баспасөз конференциясы өтеді.
Спикерлер Президенттің «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауын іске асыру барысы, сондай-ақ егін жинау науқанының қорытындылары туралы баяндайды.
Баспасөз конференциясының тікелей таратылымы YouTube ресми арнасында және Facebook әлеуметтік желісінде жүреді.