Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр CLAAS GROUP компаниясының бас директоры Ян-Хендрик Мормен кездесу өткізді. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі жазды.
Сурет: Үкімет
Кездесуде тараптар Солтүстік Қазақстан облысындағы CLAAS ауыл шаруашылығы техникасын шығаратын бірлескен кәсіпорын жұмысының өзекті мәселелерін талқылады.
Роман Скляр жергілікті өндірушілерді жаһандық жеткізу тізбегіне енгізу, оқшаулауды тереңдету, өндіріс көрсеткіштерін арттыру және шығарылатын өнім номенклатурасын кеңейту бойынша жұмыстарды жалғастырудың маңыздылығын атап өтті.
Сондай-ақ кездесу барысында ауыл шаруашылығы техникасын шығару және тығыз кооперациялық байланыстарды одан әрі дамыту саласындағы бірқатар мәселелер талқыланды.