Қазақстандық кәсіпқой боксшы Әбілхан Аманқұл ұлттық командамен жаттығуды бастады. Бұл туралы Olympic.kz хабарлады.
Сурет: Olympic.kz
Ол ел чемпионатына қатысуды жоспарлап отыр.
«Мен кәсіпқой бокста өнер көрсеттім. Алайда онда жекпе-жекке шықпадым. Жарты жылға жуық уақыт бойы шаршы алаңға шықпадым. Бірақ дайындықты тоқтатпадым.
Соңғы екі ай бойы демалдым. Қазір құрамамен бірге жаттыға бастадым. Қазақстан чемпионатында өнер көрсетуді жоспарлап отырмын. Ары қарай көре жатармыз», - деді Аманқұл.
Айта кетелік, Аманқұл кәсіпқой бокстан бес жекпе-жекке қатысты. Оның төртеуінде жеңіске жетсе, біреуде қарсыласымен тең түскен.