23.10.2024, 10:45
Оқылды: 67

Надежда Морозова: «Қазір негізгі мақсат – Азия ойындары»

Конькимен жүгіру спортынан Қазақстан командасының көшбасшыларының бірі Надежда Морозова жаңа маусымға белсенді дайындалып жатыр. Спортшы жуырда ғана үзілістен кейін мұзға оралған және тесттік жарыстарға қатысып үлгерді. 

Olympic.kz-ке берген сұхбатында Морозова қазіргі дайындық деңгейіне баға беріп, жарыс маусымы алдындағы негізгі мақсатына тоқталды.

IMG_9435

Сурет: Olympic.kz

«Жеті ай бойы кәсіби спорттан кішігірім демалыс ретінде үзіліс алдым. Мұзға қайта келгенде мүлдем одан кетпегендей әсер алдым. Физикалық тұрғыдан демалып, психологиялық саулығымды да реттеп алғанымды сеземін.

Демалыс күндері Германияда өткен жарыстардағы алғашқы нәтижелерге көңілім толады.

Қысқа қашықтықты сәтті еңсердім (күледі). Мұндай үлкен үзіліс маусымның ортасында байқалатынын түсінемін, себебі дайындық кезеңін толығымен жіберіп алдым.

Қазіргі негізгі мақсат – Азия ойындары. Қолымнан бәрі келеді. Дарын ешқайда кетпейді дейді ғой (күледі)», - деді Морозова.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале