Бүгін Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес Жандос Сұңғатов Теректі ауданы әкімінің 2024 жылғы 23 қазандағы №191 өкімімен Теректі аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы болып тағайындалды.
Аудан басшысы Әлия Мұханбетжанова Жандос Әміржанұлын бөлім басшыларына таныстырып, алдағы жұмысына сәттілік тіледі. Жаңа басшы өз кезегінде артылған сенімді ақтап, жауапкершілікпен іс қылатынын жеткізді.
Жандос Сұңғатов 1996 жылы 4 шілдеде Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданының Қызылоба ауылында дүниеге келген. Білімі – жоғары. 2018 жылы Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетін «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 2014 жылы Батыс Қазақстан облысы «Жас Отан қоры» корпоративтік қорының менеджері болып бастаған.
2020-2023 жылдары аралығында облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының ақпараттық-талдау жұмысы және жобаларды жүзеге асыру мониторингі бөлімінің бас маманы, күні бүгінге дейін облыстық Қоғамдық даму басқармасы жастар ісі жөніндегі бөлімінің бас маманы болды.
Айта кету керек, Жандос Әміржанұлы қызметке Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасы өңірлік кадр резерві арқылы қабылданды.
Ақтілек Әлібекұлы
Теректі ауданы