23.10.2024, 11:30
Оқылды: 151

Шыңғырлауда қос ауылдың тұрғындарына пәтер берілді

Еліміздің мемлекеттік мерекесі – Республика күні қарсаңында Шыңғырлау ауданы бойынша халықты әлеуметтік қолдау мақсатында Алмаз ауылдық округі және Сегізсай елдімекенінде тұрғындарға жаңа пәтерлер берілді.

Қоныс той2

Жаңа пәтерлерді табыс ету сәтінде сөз сөйлеген аудан әкімі М.Өмірәлиев ауылдарды қолдау және шекара маңындағы елді мекендерге халықты тарту, тұрақтандыру аса маңызды екенін, ауылдағы ағайынға еңбек етуге, жақсы өмір сүруге жағдай жасау керек екенін, міне осы мақсатта бірқатар елдімекенде жаңа пәтерлер құрылысы жүргізіліп, Сегізсай ауылында екі пәтерлі 2 үй, Алмаз ауылында екі пәтерлі 1 үй салынып, құрылысы толық аяқталған 3 пәтердің қолданысқа беріліп жатырғанын атап өтті.

– Алдымызда ауылға халықтың тұрақтануы үшін жұмыс көздерін ашу міндеті тұр. Бұл мақсатқа жұмыстар істелініп жатыр, тек тұрғындардың жұмыс жасаймын, еңбек етемін деген ниеті, құлшынысы болу керек. Біз өз тарапымыздан ауылға жағдай жасау, көшелерін, жолдарын дұрыстау бағытындағы жұмыстарымызды тоқтатпаймыз, жалғаса береді, - дейді аудан басшысы.

Осылайша, Сегізсай ауылының тұрғындары – Кенжебай Бурамбаевтың отбасына және Айгүл Талғатованың отбасына жаңа пәтер берілді.

Сондай-ақ, Алмаз ауылының тұрғыны, көпбалалаы отбасы Әлібек Бекмағамбетовтің отбасына да жаңа пәтер кілті табыс етілді.

Жаңа қонысқа қолдары жеткен ауыл тұрғындарының қуаныштарында шек жоқ. Мердігерлер С.Қалниязов пен Д.Сүлейменовке шын көңілден шыққан алғыстарын жаудыруда.

Осындай шат-шадыман қуаныш сыйлаған шара Шоқтыбай ауылында да жалғасын тапты.

Жалпы аудан бойынша 37 жаңа үй өз иелерін таппақ.

Қаршыға Асу

Шыңғырлау ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале