Сырымда мемлекеттік қызметкерлер «ағаш егу» акциясы аясында сенбілік өткізді.
Сурет: freepik.com
Іс-шараның мақсаты — туған жердің тазалығын сақтау, көгалдандыру жұмысымен шұғылдану және табиғатты сүю, аялау, қорғау.
Бірнеше ғасырға дейін өмір сүретін ағаштардың ауаны тазартудан басқа да пайдасы өте көп.
Жерге шаншылған әрбір талдың күтімі жақсы болса, экологиялық ахуалды жақсартып, қоңыржай климат қалыптастыруға әсерін тигізеді.
160 түп көктерек көшеттері ауыл көгіне шығуға бет алды.
Қоңдыкер Жеңісұлы
Сырым ауданы