Ғасырдан-ғасырға сақталып келе жатқан рухани мұралар мен дерек қорларын, бабаларымыздың асыл аманатын келешек ұрпаққа жеткізуші, рухани қазынаның шырақшылары саналатын кітапханашы мамандардың бүгінгі қоғамда алатын орны ерекше. Жыл өткен сайын қоғамның сұранысына сәйкес кітапханашыларға қойылатын талаптардың жоғары екендігі де байқалады. Елімізде ҚР Үкіметінің 2022 жылғы 18 қазан № 833 қаулысымен «24 қазан – Кітапханашылар күні» болып бекітілген болатын. Осы тарихи сәттен бастап кітапханашы мамандар кәсіби мерекелерін атап өтеді. Бұл күн кітапхана даңқын асырып, рухани әлемнің тұңғиығына терең бойлап, биік жетістіктерге жеткен кітапханашы мамандар дәріптелетін күн.
Мерекеге орай Тасқала аудандық мәдениет үйінде аудандық орталықтандырылған кітапханашылар жүйесі кітапханашыларының қатысуымен салтанатты шара өтті. Аталмыш шараға аудан әкімінің орынбасары Саягүл Галиева, аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Мұхтар Таңатжан, «AMANAT» партиясы аудандық филиалының төрағасы Люция Жұбанышқалиева, аудандық орталықтандырылған кітапханалр жүйесінің басшысы басшысы Айгүл Дүйсенова қатысты.
Шара барысында сөз алған аудан әкімінің орынбасары Саягүл Мәулетқызы білімге ұмтылған оқырманның табылар жері – кітапхана екенін, жаңа технология заманында да, кітап адамның ой-өрісіне ықпал жасап, рухани азығы болып қала беретінін сөзге тиек етіп, еңбектеріне шығармашылық табыс тіледі. Сондай-ақ, бірқатар сала мамандарына марапаттар табыс етті.
Атап өтсек, Атамекен ауылдық кітапханасының меңгерушісі Жайсан Калмурзин Қазақстан салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағының «Еңбек даңқы» төсбелгісімен марапатталса, ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының алғысхаты Мерей ауылдық кітапханасының меңгерушісі Айгүл Сарбалиноваға табысталды. Батыс Қазақстан облысы әкімінің алғысхатымен Қалмақшабын ауылдық кітапханасының кітапханашысы Болған Бисембаева марапатталса, Батыс Қазақстан облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының алғысхатымен жиынтық бөлімінің кітапханашысы Құралай Хасановаға берілді.
Сондай-ақ, «Қазақстан салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің құрмет грамотасымен Мереке ауылдық кітапханасының меңгерушісі Салауат Бахашев, «Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің алғысхатымен аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің суретші-көркемдеушісі Руслан Укасовқа марапатталды.
Келесі кезекте сөз алған AMANAT» партиясы аудандық филиалының төрағасы Люция Әсетқызы Рухани мәдени байлығымызды ұрпақтан-ұрпаққа жеткізуші кітапхана болса, сол байлықты өз оқырманына таныстырып, табыстырушы өзіндік тұлға , ол – кітапханашы екеніп атап өтті. Соымен қатар, аудандық балалар кітапханасының кітапханашысы Жанна Сепетова мен библиограф Бақтыгүл Шотановаға алғысхат табыс етті.
Одан әрі құттықтау сөз алған аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Мұхтар Таңатжанұлы сала мамандарын кәсіби мерекемен құттықтап, бірқатар кітапханашыға Жұбан Молдағалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық орталық әмбебап ғылыми кітапханысының және Хамза Есенжанов атындағы облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасының алғысхатын табыс етті.
Шараның соңында аудандық орталықтандырылған кітапханалр жүйесінің басшысы басшысы Айгүл Серікбаева барлық кітапханашыларға алғысын білдіріп, олардың еңбегінің қоғам үшін қаншалықты маңызды екенін атап өтті.
Гүлмира Мақанова
Тасқала ауданы