25.10.2024, 11:45
Оқылды: 81

Республика күні: Жаңақала ауданында Ту көтеру рәсімі өтті

Жаңақалада 25 қазан – Республика күніне орай «Менің Қазақстаным» атты салтанатты шара өтті.

4f32d8da-0284-4b44-91c7-227759d11a4f

Оған мемлекеттік мекеме басшылары, қызметкерлері қатысты. Елдің егемендігі мен біртұтастығын айқындар атаулы күнінде Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, ақын Закария Сисенғали мен «Jastar» ресурстық орталығының басшысы Дәурен Мерешов көк Туымызды көкке көтеріп, аудан әкімінің орынбасары Руслан Ғұмар бүгінгі мерекемен құттықтап, еңселі егемендегіміздің, тұғырлы Тәуелсіздігіміздің, айбарлы азаттығымыздың айғағы биік болсын деген тілегін білдірді. 

Қазақстанымыздың келешегі кемел, халқы аман, бейбітшілігі мәңгілік болғай.

Рая Жұмағалиева

Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале