28.10.2024, 16:00
Оқылды: 187

Ақжайықтық Ләззат Мұратқызы «Шапағат» медалімен наградталды

Ақжайық аудандық іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Ләззат Сейткереева Республика күні қарсаңында зор құрметке бөленді. Ол ҚР Президентінің 16 қазандағы Жарлығымен абыройлы еңбегі үшін «Шапағат» медалімен наградталды.

photo-output

Кеңестің жұмысымен қатар аудандық мәслихаттың депутаттығын бірге алып жүрген Ләззат Мұратқызы – Ақжайық ауданы ғана емес, облыс, республикаға танымал кәсіпкер.

Пандемия кезінде блокпосттарда қызмет еткендерді тегін тамақпен қамтамасыз еткен ол ауыл-елден де көмегін аяған емес.

Нәзік жандыларды кәсіпке жетелеудегі еңбегінің жемісі – осыдан екі жыл бұрын Тайпақ ауылында «Бір ауыл – бір өнім» жобасы аясында жүн өнімдерін дайындайтын цех ашылды.

Әсем Есбек

Ақжайық ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале