29.10.2024, 11:30
Оқылды: 46

Машина жасаудағы кластерлердің келешегі: Екібастұзда тағы 700-ден астам жұмыс орны ашылады

Машина жасау саласында Екібастұз және Саран қалаларында 2 тұрақты кластер қалыптасты. Кластерлік тәсілді машина жасаудың басқа секторларына да тарату жоспарлануда. Бұл туралы Үкімет отырысында өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев баяндады.

IMG_0220

Сурет: Үкімет

Оның айтуынша, Екібастұзда теміржол саласына арналған бұйымдардың кең спектрін шығаратын 6 кәсіпорыннан тұратын кластер құрылған. Онда 2 мың адам жұмыс істейді. Қосымша 739 жұмыс орнын ашатын 104,2 млрд теңгеге 3 жоба іске асырылуда.

Саран қаласында 6 кәсіпорыннан тұратын кластер құрылды, оның 3-і машина жасау саласына қатысты.

«Машина жасаудың 2 жаңа жобасын, оның ішінде тұрмыстық техникаға арналған электр компоненттерін өндіру үшін локализациялық орталық құру жөніндегі жобаны іске асыру қосымша пысықталуда. Нәтижесінде біз осы қалалардың экономикасын әртараптандыруға қол жеткіздік, бұл Саранды моноқала мәртебесінен шығаруға мүмкіндік берді», — деді министр.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале