29.10.2024, 16:00
Оқылды: 39

Қазақстан мен Франция туризм саласындағы ынтымақтастықты нығайтады

Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Француз Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Сильван Гиогемен кездесті. Тараптар келіссөз барысында туризм саласындағы екіжақты әріптестікті одан әрі дамыту әлеуетін талқылады. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлады.

IMG_0237

Суреттер: министрліктен

Министр Қазақстан мен Франция арасындағы қарым-қатынасты нығайтуда өзара іс-қимылдың маңызын атап өтіп, туризм саласындағы ынтымақтастық екі ел үшін жаңа мүмкіндіктер ашатынын жеткізді.

«Елдеріміз арасындағы туристік ынтымақтастық халықаралық қатынастарды дамыту, мәдени және экономикалық байланыстарды нығайту жолындағы маңызды қадам деп есептеймін. Қазақстан аталған салада тәжірибе алмасуға және Франциямен бірлескен жобаларды іске асыруға ниетті. Бұл туристік инфрақұрылымды, әсіресе тау және экологиялық туризмді кеңінен насихаттауға зор септігін тигізеді», - деді министр.

IMG_0238

Кездесу соңында тараптар екіжақты іскерлік қатынастарды нығайтуға негіз болатын бастамаларды іске асырудың негізгі қадамдары туралы уағдаласты.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале