29.10.2024, 16:45
Оқылды: 75

Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай өмірге келді

Massaget.kz тілшісінің мәлімдеуінше, Астанада үшем дүниеге келген. Сәбидің үшеуі де – ұл. Астана қаласының №2 көпбейінді қалалық ауруханасында жарық дүние­ге көрінген сәбилерге Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай есімдері берілген.

A mother is holding in the hands feet of newborn triplets baby.

Сурет: istockphoto

Бірінің салмағы – 1 350, екіншісі – 1 370, ал үшіншісі – 1 270 грамм. Сәбилердің аман-есен өмірге келуін күні-түні тілеп, дұға оқыған үшемнің атасы Жамбыл Иманалиев қатты қуанып, төбесі көкке екі елі жетпей тұрғанын жеткізген.

Дәрігерлердің дерегі бойынша, бұл – монохорионды триамниотикалық үшем. Ол 200 миллион жүктілікте бір рет кездеседі. Ал бүлдіршіндердің есімін әкесі қойған. Балаларына батырлардың есімін қою оның арманы екен.

Солайша Еуропаға еліктемей, қазақша есім қоюға шешім қабылдаған. Бұл – олардың отбасында қалыптасқан үрдіс. Себебі, Жамбыл Иманалиев­тің алғашқы немересінің есімі Абылайхан көрінеді.

Мәрлен Ғилымхан

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале