29.10.2024, 18:00
Оқылды: 136

Жәнібекке Астанадан теолог келді

Бүгін Астана қаласы «Діндерді зерттеу орталығы» ЖШС-нің теолог маманы Талшын Қожахметова Жәнібекке келіп, аудандағы теолог маман Ринат Кенжеғалиевпен бірге М.Ықсанов атындағы Жәнібек колледжінің акт залында ұстаздар және сала қызметкерлерімен кездесіп, дін істері басқармасының жұмысына тоқталды.
image-29-10-24-04-40-1
Экстремизм мен терроризмнің алдын алу бағытында түсінік жұмысын жүргізді. Жастарды жалған діни ағымдардың арбауынан сақтандыру, соның ішінде жалған діни ағымдарды дәстүрлі діндерден қалай ажыратуға болатындығы жөнінде жан-жақты түсіндірді. Әсіресе, осы тақырып төңірегіндегі қыз балалардың, жалпы әйел затының рөлі басты назарға алынды.
Талшын Зарқымқызы өзінің күні бүгінге дейінгі жұмыс тәжірибесінде болған мысалдарды алға тартып, аталған колледждің ұстаздар қауымына осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстардың қарқынын үдетуге кеңес берді.
image-29-10-24-04-40
Кездесу барысында жиылғандардың сұрақтарына тұшымды жауап беріп, жат ағымдар мен жат дін өкілдерінің теріс мақсатына тереңірек тоқталды, ақ пен қараны ажырата білудің тәсілдерін айтты.
Сонымен қатар бала тәрбиесіндегі ата-ана рөлі сынды бірқатар маңызды тақырыпта өзара пікір алмасу болды.
Гүлзара Мәди
Жәнібек ауданы
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале