Қазақстандық Жәмиля Бақбергенова Тиранада (Албания) өтіп жатқан олимпиадалық емес салмақ санаттары бойынша әлем чемпионатының финалына өтті, деп хабарлайды Olympic.kz.
Сурет: Olympic.kz
72 келіде спортшы жартылай финалда моңғолиялық Болортунгалаг Зоригтпен кездесті.
Бақбергенова жекпе-жекті 8:6 есебімен ұтып, біріншіліктің финалисі атанды.
Осылайша ол әлем чемпионатының жүлдесіне кепілдік берді. Бұған дейін балуан әлем чемпионаттарында екі мәрте жүлделі болған (бірі – «күміс», екіншісі – «қола»).
30 қазанда өтетін финалда Жәмиля Бақбергенова бірнеше күн бұрын жастар арасындағы әлем чемпионатында жеңімпаз атанған жапониялық балуан Ами Исимен кездеседі.