31.10.2024, 16:15
Оқылды: 133

Тасқалада «Қарызсыз қоғам» жобасы аясында оқыту басталды

Тасқала аудандық мәдени-демалыс орталығында «AMANAT» партиясы арқылы жүзеге асып жатқан «Қарызсыз қоғам» қаржылық сауаттылықты арттыру жобасы аясында тұрғындарды оқыту басталды.

Қарызсыз қоғам (1)

Оның ашылуына «AMANAT» партиясы Тасқала аудандық филиалының төрағасы Люция Жұбанышқалиева арнайы қатысып, оқуға қатысушылардың жұмысына сәттілік тіледі.

«Бүгінгі семинарға қатысып отырғандарыңызға қуаныштымын. Оқуға қатысушылардан сұрайтыным, осындай мүмкіндік барда пайдалы ақпаратты алып қалыңыздар. Алған ақпаратыңыздың алдағы уақытта көп көмегі тиетініне сенеміз. Баршаңызға сәттілік тілеймін, – деді ол.

Одан әрі сөз алған жоба менторы Алмагүл Исмагулова  қаржы мәселесі қалай пайда болатынын, дәл қазіргі уақытта несие қарызын азайтудың қандай жолдары бар екенін түсіндірді.

«Қарызсыз қоғам» жобасының негізгі мақсаты – халықтың қаржылық сауатын арттыру екенін атап өтіп, жоба аясында табыс көзін көбейту, отбасы бюджетін қалай дұрыс жүргізу керек екенін, тағы да басқа бағыттардағы жұмыстарға тоқталды.

Қарызсыз қоғам (2)

«Жалпы бұл жоба 2023 жылы басталды. Алғашында пилоттық жоба ретінде қаралып, қазіргі кезде Ұлттық жобаға айналды. Еліміздің әр аймағында болып, халықпен жұмыс істейміз. Негізі осы жобаны қаржыландырып отырған еліміздегі 14 банк ұйымдары, оған қоса осы жобаны атқарып отырған Ұлы дала Ұлттық бизнесті дамыту ассоциациясы. Қарызсыз қоғам» жобасы бұл халықтың жағдайын жақсарту үшін ұйымдастырылған жоба. Ең басты мақсаты тұрғындардың сауаттылығын арттыру. «Қарызсыз қоғам» жобасы халыққа тегін ұйымдастырылып, бес күндік арнайы курс өткізіледі. Бұл жерде біз әр түрлі жолдарды түсіндіреміз. Қалай табыс көзін көбейтуге болады, қалай несие берешектерінен құтылуға болады, тағы да басқа жолдары бағындағы сұрақтарға жауап береміз. Сонымен қатар, бол жұба аясында заңгердің көмегі де бар. Жұма күні соңғы сабақ өтікізіледі. Содан кейін қатысушыларға сертификаттар табысталады. Бұл сертификаттар үш жылға дейін жарамды. Кез келген тыңдаушы қатарында болған тұлға үш жылдың ішінде өзіне қажетті қызметті алуға мүмкіншілігі бар», - дейді Ұлы дала ауылдық бизнесті дамыту республикалық қауымдастығының қаржы сарапшысы Алмагүл Ижанқызы.

Айта кетсек, бұл жоба аясында Тасқала ауданында 450 адам қамтылады деп көзделіп отыр. Бүгінгі таңда 420 адам қамтылып, қаржылық сауаттылықтарын арттырды.

Болат Бек

Тасқала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале