Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр Polpharma Group Бақылау кеңесінің төрағасы Е. Старакпен кездесу өткізді. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.
Суреттер: Үкімет
Polpharma Group – Қазақстан және Польша нарықтарындағы ірі фармацевтикалық компаниялардың бірі.
Кездесу барысында тараптар қазіргі фармацевтикалық жобаларды іске асыру және компанияның Ғылыми-зерттеу сынақ орталығы мен зертханалық кешенді қамтитын Сапа және инновациялар орталығын ашу ниетін талқылады.
Бұл орталықта сапаны бақылау, сынақ және микологиялық зертханалармен бірге жаңа өнімдерді әзірлеу бойынша зерттеулер жүргізілетін жаңа зертханалар орналаспақ.
Кездесу қорытындысы бойынша Роман Скляр Қазақстан Үкіметі Polpharma Group компаниясымен ынтымақтастыққа зор мән беретінін және әрі қарай да серіктестікке дайын екенін жеткізді.