2024 жылдың 1 қазанынан 1 қарашаға (қоса алғанда) дейін ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 қаңтардағы № 30 «Қазақстан Республикасына еттің кейбір түрлерін әкелуге арналған тарифтік квоталардың көлемдерін сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар арасында бөлу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес қайта өңдеушілерге 2025 жылға сиыр етін әкелуге бөлінген 9 240 тонна тарифтік квота көлемін бөлуге қатысу үшін өтінімдер қабылдау басталғанын жариялайды.
Фото: gov.kz
Тарифтік квоталар көлемдерін бөлуге қатысу үшін қажетті құжаттар:
- сиыр еті бойынша тарифтік квоталардың қажет етілетін көлемін көрсете отырып, сондай-ақ дайын тауардың әрбір түрі бойынша дайын өнімді өндіру кезінде пайдаланылған шикізат көлемінде сиыр етінің үлесін көрсете отырып жоғырыда көрсетілген Қағиданың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтінім;
- кәсіпорынның (дара кәсіпкерлер үшін – өнеркәсіптік өнім өндіріс (дайындау) объектісінің есеп нөмірін тіркеу туралы (растау) анықтамасы) алдыңғы толық жыл үшін құжатты қабылдау туралы статистика органының белгісімен өнімді өндіру және жөнелту туралы статистика органдарына есебінің нотариатта куәландырылған көшірмесі (не салыстырып тексеру үшін құжаттың түпнұсқасын міндетті түрде ұсынған кезде көшірмені).
Қосымша ақпарат алу үшін мына телефон бойынша хабарласыңыз: +7 (7172) 55-58-22.