1.11.2024, 19:00
Оқылды: 174

Теректілік ақсақал батагөйлер сайысында жүлделі болды

«Ауылыңда қартың болса, жазып қойған хатпен тең» деген дана қазақ қазыналы қарттардың әрбір айтқан өнегелі сөздерін, тағылымды іс-әрекеттері мен туған жерінің өсіп-өркендеуіне арнаған өлшеусіз еңбек жолдарын, бір сөзбен айтқанда бүкіл болмысын тұнып тұрған тарихқа балайды. Осындай қариялардың кесімді сөздері елді тәрбиелеп, ақтілеуі жолыңа бағдар болады.

IMG-20241101-WA0070

Бүгін Орал шаһарында қазақ халқының салт-дәстүрін насихаттау мақсатында ұйымдастырылған зейнеткерлер арасындағы «Бата дарып, бақ қонсын!» облыстық байқауында теректілік ақын ақсақал Сатқан Ахметжанов жүлделі 2-орынды иеленді.

Ұлттық құндылық ұлықталған байқауда жұртшылық көнекөз қариялардан батаның түр-түрін тыңдады. Сатқан Баймұханұлына облыстық «ұйымының» төрағасы Мақсот Бергеннің алғысхаты және 120 мың теңге ақшалай сыйлық табысталды.

 

Ақтілек Әлібек,

Теректі ауданы

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале